×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі БАӘ-де жарамды: не белгілі?

Бүгін, 14:06
Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі БАӘ-де жарамды: не белгілі?
РИА новости

 25 шілдеден бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмастыру туралы келісім күшіне енеді. Енді екі елдің азаматтары көшкен жағдайда құжаттарын жеңілдетілген тәртіппен ауыстыра алады. Бұл туралы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Жаңа тәртіп қалай жұмыс істейді?

БАӘ аумағында уақытша жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін сол елдің заңнамасына сәйкес пайдалана алады.

Ал Қазақстан азаматы Әмірліктерге көшсе, қазақстандық жүргізуші куәлігін теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ ауыстыра алады. Бұл мүмкіндік B санаты мен B1 кіші санатына қатысты.

Осындай тәртіп Қазақстанға тұруға келген БАӘ азаматтарына да қолданылады.

Куәлікті ауыстыру үшін не қажет?

Жүргізуші куәлігін айырбастау үшін мына құжаттар талап етіледі:

  • қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәлігі;

  • тұруға ықтиярхат;

  • құжаттың ресми аудармасы;

  • медициналық тексеруден өткені туралы анықтама.

Бұл ретте бұрынғы жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы алынбайды. Құжат ауыстырылғаннан кейін Қазақстан мен БАӘ-нің құзырлы органдары бір-біріне тек ресми хабарлама жолдайды.

Қандай санаттарға қатысты болмақ?

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген тәртіп тек B санаты мен B1 кіші санатына қолданылады. Қалған санаттағы жүргізуші куәліктері азамат жүрген елдің заңнамасына сәйкес ауыстырылады.

Министрлік бұл келісім Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, екі ел азаматтарына арналған әкімшілік рәсімдерді едәуір жеңілдететінін атап өтті.

Сонымен қатар, шетелде жүрген қазақстандықтарға сол елдің заңдарын сақтап, жергілікті дәстүрге, мәдениетке және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау қажеті ескертілді.