×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Тоқаев Путинге Украинадағы соғысты тоқтатуды ұсынды

Бүгін, 19:28
Тоқаев Путинге Украинадағы соғысты тоқтатуды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде Ресей мен Украина арасындағы соғыс қимылдарын уақытша тоқтатып, «Ыстамбұл 2.0» форматындағы келіссөздерді қайта жандандыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі қақтығыстың табиғаты өзге өңірлік жанжалдардан өзгеше екенін және оны түсіну оңай емес екенін айтты. Оның сөзінше, Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың тарихи себептері айқын болғанымен, Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың мәні мүлде басқа.

– Бұл қақтығыстың табиғатын көпшілік, оның ішінде біз де толық түсіне бермейміз. Мысалы, Әзербайжан мен Армения арасында, оның ішінде ұзақ уақыт шешімін таппай келген қақтығыс болды. Оның шығу төркіні мен себептері бізге анық еді, өйткені бәрі тарихтан бастау алады. Ал бұл жағдайды түсіну әлдеқайда қиын, – деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда қақтығысты уақытша тоқтатып, «Ыстамбұл формуласы 2.0» деп аталатын келіссөздер форматына қайта оралу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұған дейінгі келіссөздер барысында тараптар елеулі ілгерілеуге қол жеткізген.

Өз кезегінде Владимир Путин бұл мәселе бойынша қалыптасқан қазіргі ахуал жөнінде Тоқаевқа ақпарат беретінін мәлімдеді.

Кездесу Омбыда өтіп жатыр

25 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей президенттері екіжақты кездесу өткізіп, ынтымақтастық мәселелерімен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылап жатыр.

Бұған дейін Песков КҚК мәселесі көтерілуі мүмкін екенін айтқан еді

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Тоқаев пен Путиннің кездесуінде Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған шабуылдар мәселесі талқылануы мүмкін екенін мәлімдеген.

Оның айтуынша, КҚК-ға жасалған соққылар Ресейдің ғана емес, Қазақстан мен АҚШ-тың да мүддесіне әсер етеді. Себебі консорциум акционерлерінің қатарында америкалық компаниялар да бар.