×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Экс-министр Брекешев Kazenergy төрағасы болды

Бүгін, 15:20
Экс-министр Брекешев Kazenergy төрағасы болды
primeminister.kz

Kazenergy қауымдастығының жаңа төрағасы болып Серікқали Брекешев сайланды. Ол бұған дейін мұнай-газ саласында және мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Мұнай-газ саласының маманы.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын жеке сектордан бастап, кейін мемлекеттік қызметте энергетика және мұнай-газ салаларында басшылық қызметтер атқарды. 2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында түрлі басқарушы лауазымда жұмыс істеп, техникалық саясат пен өндірістік бағыттарға жетекшілік етті. 

Ол сондай-ақ 2021-2023 жылдары ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ

Айта кетейік, Болат Ақшолақов Kazenergy қауымдастығын 2025 жылғы ақпаннан бері басқарды. Энергетикалық компаниялардың басшылары Болат Ақшолақовқа бірлескен жұмысы мен Kazenergy дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Олар оның тәжірибесі мен саланы терең білуі Атырау облысының әкімі қызметінде де маңызды нәтижелерге жеткізетініне сенім білдірді.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған едік. Ал бүгін, 2026 жылғы 27 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады.