×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өзгерді

Бүгін, 18:05
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өзгерді
Ulysmedia коллажы

Алдыңғы аптаның соңында күрт қымбаттаған доллар бағамы қайта төмендей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТЕҢГЕ НЫҒАЯ ТҮСТІ

27 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 473,76 теңге болды.

Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар 2,22 теңге арзандады.

Еске салайық, 24 шілде, жұма күні доллар бағамы бірден 9,76 теңге қымбаттаған еді.

Бүгін еуроның бағамы 540,34 теңгеге, ал Ресей рублі 6,0864 теңгеге дейін төмендеді.

ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ШЕШІМІ

24 шілдедегі доллар бағамының күрт өсуі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені қатарынан екінші рет төмендету туралы шешімімен тұспа-тұс келді. Реттеуші базалық мөлшерлемені 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін түсірді.

Оған дейін бірнеше күн бойы АҚШ валютасының бағамы керісінше төмендеп келген еді.