×
473.4
539.39
6.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.4
539.39
6.07

Отбасы банк ипотека шарттарын жеңілдетті: енді ескі үйлерді қарастыруға болады

Бүгін, 09:08
Отбасы банк ипотека шарттарын жеңілдетті: енді ескі үйлерді қарастыруға болады
centralmedia24.kz

Отбасы банк ипотекаға сатып алуға болатын тұрғын үйлердің тізімін кеңейтті. Жаңа өзгерістердің арқасында қайталама нарықтағы, әсіресе кеңестік кезеңде салынған панельді үйлерден пәтер таңдау мүмкіндігі артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Отбасы банк кепілге қойылатын тұрғын үйге қойылатын талаптарды жеңілдетті. Енді ипотеканы жасы 60 жылға дейінгі панельді үйлерден пәтер сатып алуға рәсімдеуге болады. Бұған дейін бұл шектеу 50 жыл болатын.

Сондай-ақ енді 1976 жылдан емес, 1966 жылдан бастап салынған панельді үйлердегі пәтерлер де ипотекаға жарамды.

Бұдан бөлек, банк SIP-панельдерден салынған жеке үйлерді де кепіл ретінде қабылдайды. Бірақ ол үшін мынадай талаптар сақталуға тиіс:

  • үйдің пайдалануға берілгеніне 5 жылдан аспауы керек;
  • SIP-панельдері сертификатталған болуы қажет;

  • іргетасы күрделі (капиталды) болуға тиіс;

  • ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған болуы керек;

  • барлық инженерлік коммуникациялары жүргізілген болуы қажет.

Бұл өзгерістер, әсіресе Алматыдағы ескі панельді тұрғын үй қорынан баспана алуды жоспарлаған азаматтардың таңдау мүмкіндігін кеңейтеді.

КОНТЕКСТ

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Диляра Сейітнұрованың айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк уәде еткен ипотекалық несиелеу жүйесіндегі өзгерістер 2027 жылға шегерілген.

Сондықтан әзірше қарыз алушылар үшін ештеңе өзгерген жоқ. Тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) ең жоғары деңгейі бұрынғыдай 25% болып сақталып отыр.

Дегенмен сарапшының пікірінше, жаңа ипотекалық нормалар күшіне енгенге дейін, яғни биыл тұрғын үй нарығына әсер ететін басқа да маңызды факторлар болуы мүмкін.