Кеше төмендегеннен кейін валюта нарығындағы жағдай қайта өзгерді. Қазақстан қор биржасында (KASE) 28 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 476,99 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бір күн ішінде АҚШ валютасы 3,23 теңге қымбаттады. Алдыңғы күні, керісінше, доллар бағамы 475,98 теңгеден 473,76 теңгеге дейін төмендеген еді. Бүгін еуро 543,07 теңгеге, рубль 6,0943 теңгеге дейін өсті.
БАҒА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРІП ЖАТЫР?
Кейінгі бірнеше сауда сессиясында доллар бағамы айтарлықтай құбылып тұр. 23 шілдеде америкалық валюта 466,22 теңге болған. Кейін күрт өсіп, 475,98 теңгеге жетті. Дүйсенбі күні бағам 473,76 теңгеге дейін төмендеді, ал бүгін қайтадан жоғарылады.
Айта кетейік, алдыңғы аптаның соңында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімінен кейін доллар бағамы күрт қымбаттаған еді.