×
476.75
541.59
6.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.75
541.59
6.06

Ресей Дуровқа қатысты іс қозғап, оны халықаралық іздеуге берді

Бүгін, 12:08
Ресей Дуровқа қатысты іс қозғап, оны халықаралық іздеуге берді
The Tucker Carlson Interview

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа террористік әрекетке жәрдемдесу бойынша айып тағылып, ол халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы сәрсенбі күні Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚК) Қоғамдық байланыс орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

МӘН-ЖАЙ

Арнайы қызмет мәліметінше, Дуровқа РФ Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігі («Террористік әрекетке жәрдемдесу») бойынша айып тағылған.

ФҚК мәлімдеуінше, Telegram әкімшілігі ведомство нұсқасы бойынша Украина арнайы қызметтері, сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдар Ресей аумағында диверсиялар, террорлық актілер, жаппай кісі өлтіру және кибералаяқтық әрекеттерін дайындау үшін пайдаланады деп есептелетін арналар, чаттар мен боттарды жоймай отыр.

ФҚК хабарламасында Telegram желісіндегі «Дайвинчик/Leo» чат-боты ресейлік азаматтарды «алдау және психологиялық ықпал ету арқылы» диверсиялық-террористік әрекеттерге тарту үшін пайдаланылғаны айтылған.

Ведомство мәліметінше, Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникация саласындағы қадағалау қызметі (Роскомнадзор) бұл ботты 2025 жылы тыйым салынған сайттар тізіміне енгізген.

ФҚК Telegram-ның мұндай ресурстарды жоюдан бас тартуы мессенджер әкімшілігі басшысына айып тағуға негіз болғанын мәлімдеді.

РЕСЕЙДЕ TELEGRAM ЖҰМЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

Бұған дейін Роскомнадзор 2026 жылғы 10 ақпаннан бастап Ресейде Telegram жұмысына шектеу енгізуді жалғастырып жатқанын хабарлаған еді.

Ведомство мұны мессенджердің Ресей заңнамасының талаптарын орындамай, тыйым салынған контентті өшірмейтінімен түсіндірді.

Ресей құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері Telegram Ресейде 100 млн рубльден астам сомаға айыппұл арқалаған. Айыппұлдардың басым бөлігі заңмен тыйым салынған ақпаратты жоймауға байланысты салынған.

Ақпарат жарияланған сәтте Павел Дуров пен Telegram өкілдері ФҚК мәлімдемесіне қатысты ресми пікір білдірмеген.