×
477.17
543.26
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.17
543.26
6.01

Доллар бағамы күрт төмендеді

Бүгін, 18:22
Доллар бағамы күрт төмендеді
Pixabay.com

Теңге өз позициясын қайта нығайтып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бірнеше күн бойы 477 теңге деңгейінде тұрған АҚШ долларының бағамы төмендей бастады. 30 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа  бағамы 474,59 теңге болды. Осылайша, бір күн ішінде доллар 2,42 теңге арзандады.

Еуро бағамы да аздап төмендеп, 542,19 теңге болды. Ал Ресей рублі шамамен 1% арзандап, 5,9491 теңгеге дейін түсті.

ВАЛЮТА БАҒАМЫНДАҒЫ ҚҰБЫЛМАЛЫЛЫҚ

Кейінгі бір аптада доллар бағамы айтарлықтай өзгеріп отыр. 23 шілдеде оның бағамы 466,22 теңге болса, келесі күні бірден 475,98 теңгеге дейін көтерілді. Аздап төмендегеннен кейін доллар қайта қымбаттап, 29 шілдеде 477,01 теңгеге жетті.

Бүгін теңге осы шығынның бір бөлігін қайтарды. Дегенмен доллар бағамы бір апта бұрынғы деңгеймен салыстырғанда әлі де едәуір жоғары күйінде қалып отыр.