×
$
447.14
€
500.35
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
500.35
₽
5.24

Кеше арзандаған доллар қайта қымбаттады

Бүгін, 17:46
Кеше арзандаған доллар қайта қымбаттады
Ulysmedia коллажы

8 қазанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар, еуро, рубль және юань қымбаттады. Бір күн бұрын бес теңгеден астам арзандаған доллар қайта өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сауда қорытындысы бойынша доллар 0,59% қымбаттап, 447,21 теңгеден 449,87 теңгеге жетті. Бір күн ішінде америкалық валюта 2,66 теңге өсті.

Еуро 0,59% қымбаттап, 503,63 теңге болды. Рубль 0,91% өсіп, 5,2840 теңгеге жетсе, юань 0,80% қымбаттап, 67,1757 теңге болды.

Осылайша, кеше нығайған теңге бүгін негізгі валюталардың барлығына шаққанда қайта әлсіреді.

Контекст

Еске салайық, 7 қазанда биржада доллар бағамы күрт төмендеп, 5,53 теңге арзандаған еді. Ол кезде америкалық валюта 447,21 теңгеге дейін түсті.

Бүгін доллар кеше жоғалтқан құнының жартысына жуығын қайта қайтарды.