×
474.63
544.5
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.63
544.5
5.92

АҚШ пен ХАМАС келісімге келді

Бүгін, 10:18
АҚШ пен ХАМАС келісімге келді
Фото: Euronews

АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС қозғалысымен толық қарусыздану жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді. Израиль әзірге аталған келісімге байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ
Дональд Трамп радикалды исламшыл ХАМАС қозғалысының толық қарусыздануы жөнінде «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Газа секторында жаңа Палестина үкіметін құру жолындағы маңызды қадам.

– Бүгін бейбітшілік кеңесі ХАМАС пен Газа секторындағы барлық қарулы топтарды толық қарусыздандыру жөнінде тарихи келісімге қол жеткізді. Бұл – ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздікке бастайтын орасан зор қадам, – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

АҚШ президенті келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Мысыр, Катар және Түркия елдеріне алғыс айтты.

Трамптың сөзінше, ХАМАС және онымен одақтас Палестинаның өзге де қарулы топтарын қарусыздандыру мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Израильдің үнсіздігі

ХАМАС ұйымының жоғары лауазымды өкілдері AFP агенттігіне АҚШ-пен келісімге қол жеткізілгенін растаған. Алайда Израиль билігі бұл мәселеге қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

AFP мәліметінше, Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған АҚШ жоспарының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі келіссөздер бірнеше аптадан бері Мысырда өтіп жатыр.

Жоспардың екінші кезеңі ХАМАС-ты қарусыздандырумен қатар, Израиль армиясын Газа секторынан кезең-кезеңімен шығаруды көздейді.

Соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін аумақты басқаруды АҚШ-тың «Бейбітшілік кеңесі» құрған Палестинатехнократиялық комитеті өз қолына алуы тиіс.

Бұған дейін Израиль ХАМАС-ты толық қарусыздандыруды қақтығысты одан әрі ушықтырмаудың негізгі шарты ретінде атаған болатын.