×
474.63
544.5
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.63
544.5
5.92

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы тағы нығайды

Бүгін, 18:00
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы тағы нығайды
Ulysmedia коллажы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы екінші күн қатарынан төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Теңге бағамын нығайтып келеді

31 шілдедегі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 473,81 теңге болды. Бір күн ішінде АҚШ валютасы 78 тиын арзандады.

Еске салсақ, бұған дейінгі сауда күнінде доллар бірден 2,42 теңгеге төмендеген еді.

Ал еуро, керісінше, қымбаттап, 546,04 теңгеге жетті. Бұл – 0,71 пайыздық өсім. Рубль де аздап нығайып, 5,9665 теңгеге бағаланды.

Контекст

Осылайша, кейінгі екі сауда күнінің қорытындысы бойынша доллар бағамы жалпы 3,20 теңге төмендеді. Ал 29 шілдеде оның орташа бағамы 477,01 теңге болған еді.