×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Қазақстанда шекара арқылы 150 тоннадан астам жанармайды заңсыз өткізбек болған

Бүгін, 10:30
Қазақстанда шекара арқылы 150 тоннадан астам жанармайды заңсыз өткізбек болған
Pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2026 жылғы шілдеде мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау барысында құзырлы органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстардың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 975 адам ұсталған. Олардың 4 346-сы – шетел азаматтары.

ЗАҢСЫЗ ТАУАР МЕН ВАЛЮТА

Шілде айында шекара арқылы жалпы құны 3,9 млрд теңге болатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің жолы кесілді.

Оның ішінде:

  • 39 факт – есірткі заттары;

  • 88 факт – қару мен оқ-дәрі (108 дана суық қару, 2 131 дана оқ-дәрі);

  • 1 808 факт – көлемі 150 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары, жалпы құны 33,4 млн теңге;

  • 392 факт – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асатын халық тұтынатын тауарлар;

  • 149 факт – шамамен 2,1 млрд теңге көлеміндегі шетел валютасы.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНДЕГІ БРАКОНЬЕРЛІК

Каспий теңізі акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің жолы кесілді.

Нәтижесінде 24,6 шақырым браконьерлік құралдар мен 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 келі) тәркіленді. Алдын алынған шығын көлемі 251 млн теңгеден асты.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте. Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.