×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

МӘМС қорынан ақша алу үшін клиникалар 140 мың қазақстандықты жалған тіркеген

Бүгін, 16:50
МӘМС қорынан ақша алу үшін клиникалар 140 мың қазақстандықты жалған тіркеген
Ulysmedia коллажы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорынан заңсыз қаржы алу үшін жеке клиникалар 140 мың азаматтың жалған тіркеу мәліметтерін көрсеткен. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Агенттік басшысы биылғы бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекет қаржысын қорғау бағытында бірқатар шара жүзеге асырылған.

Жанат Элиманов МӘМС жүйесіндегі заңсыз әрекеттерге де тоқталды. Тексеру барысында жеке медициналық ұйымдардың қордан қаржы алу мақсатында азаматтардың тіркелу деректерін қолдан жасағаны анықталған.

Сонымен қатар есеп беру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол бермеу бойынша атқарылған жұмыстар айтылды. Мәселен, 52 инфрақұрылымдық жоба бойынша 279 миллиард теңгенің негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойылған.

Сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру кезінде мемлекет қаржысын 10 миллиард теңге көлемінде жымқыру қаупі анықталған.

496 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ

Қаржылық мониторинг агенттігі биыл 496 қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтап, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің шығыны өтелгенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, 7 қылмыстық топтың, оның ішінде 4 трансұлттық топтың қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ 176 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желі анықталған.

Агенттік заңсыз ойын бизнесі мен интернет-алаяқтыққа қарсы жұмыстарды да жалғастырып жатыр. Алдын алу шаралары барысында заңсыз ойын бизнесі белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталған. Алаяқтық мақсатында құрылған 2,3 мың ресурс пен 35 мыңнан астам мүшесі бар 25 чаттың жұмысы тоқтатылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.