Журналистке ел аумағынан шығуға тыйым салынды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бұл тапсырыс болды»
Динара Егеубаева қылмыстық істің қозғалғанын Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
– Өтінішті велосипедші берген. Үш күннің ішінде әкімшілік іс қылмыстық іске айналды. Тергеуші менен істің мән-жайын жария етпеу туралы қолхат беруді талап етті. Бас тарттым. Елден шығуға тыйым салынды, – деп жазды ол.
Журналист жол-көлік оқиғасына өзін кінәлі деп есептемейді. Оның айтуынша, велосипедші қарсы жолақпен келе жатып, өзі оның көлігіне соғылған.
– Бұл 100 пайыз тапсырыс екеніне сенімдімін. Беті көрінбейтін, аяғы таңылған велосипедшінің суреті пайда болды. Оның жарақаттары тізіліп көрсетілген. Олардың арасында аяғы сынғаны және мүгедектікке әкелуі мүмкін деген жыртылған байламдар бар. Ал шын мәнінде велосипедшінің медициналық құжатындағы диагноз – жабық бас-ми жарақаты , басқа ештеңе жоқ. Бірде-бір сынық көрсетілмеген, – деді Егеубаева.
Жол-көлік оқиғасы қалай болды?
Динара Егеубаеваның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бірнеше күн бұрын Алматыда болған. Апаттан кейін журналист өзінің көлігінің бейнетіркегішінен түсірілген видеоны жариялады. Ulysmedia.kz оқиғаға қатысты ресми түсінік алу үшін Алматы полиция департаментіне сауал жолдады.