Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы өлшеу құралдарын тексеру бойынша бірдей қызметтерге әртүрлі баға қолданған. Мұндай заңбұзушылықтарды Астана бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Монополияға қарсы орган нені анықтады?
Тексеру барысында мамандар бірдей жабдықты тексеру құны тапсырыс берушіге қарай әртүрлі болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл ретте баға айырмашылығына объективті себептер болмаған.
Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, іс жүзіндегі бағалар бекітілген прейскурантқа сәйкес қалыптастырылмаған.
Осыған байланысты Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы әрекетінен Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 2-тармақшасында көзделген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған.
Тексеру немен аяқталды?
Анықталған заңбұзушылықтардан кейін Астана бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылу белгілерінің бар екені туралы хабарлама жолдады.
Ведомствоның хабарлауынша, хабарлама орындалған. Ұлттық орталық заңбұзушылықтарды жойып, алдағы уақытта бірдей қызметтерді көрсету кезінде әртүрлі баға қолданбау үшін тиісті шаралар қабылдаған.