×
$
467.48
539.52
5.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
467.48
539.52
5.73

Доллар қымбаттай бастады

Бүгін, 19:35
Доллар қымбаттай бастады

Үш күн қатарынан арзандаған доллар қайта қымбаттай бастады. 7 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасының орташа бағамы 469,68 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Теңге әлсіреді

Бір күнде доллар 1,97 теңге қымбаттады. Алдыңғы күні оның бағамы 467,71 теңге болған еді.

Еуроның бағамы айтарлықтай өзгермей, 541,26 теңге деңгейінде қалды.

Рубль арзандап жатыр: оның бағамы тағы 0,62% төмендеп, 5,7119 теңге болды.

Контекст

Бүгінгі өсімге дейін доллар үш сауда күні қатарынан арзандаған еді. 3-6 тамыз аралығында оның бағамы 475,23 теңгеден 467,71 теңгеге дейін төмендеп, бірден 7,52 теңгеге арзандаған.