×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

«Бұлай етуге болмайды»: қазақстандықтар Алматы маңында казино ашуға қарсы шықты

Бүгін, 14:09
«Бұлай етуге болмайды»: қазақстандықтар Алматы маңында казино ашуға қарсы шықты
pixabay

Алматы облысында жаңа ойын аймағын ашу жоспарланып отыр. Казино Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» биік таулы демалыс орнының аумағында салынады. Оған тек шетел азаматтары кіре алады. Алайда жергілікті тұрғындардың бір бөлігі бұған қарсы шығып, құмар ойынның кеңінен таралуынан қауіптеніп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

КТК мәліметінше, казино Іле Алатауының етегінде салынатын ірі туристік кешеннің бір бөлігі болады. Ойын орнынан бөлек, мұнда қонақүй, ипподром және 1,5 мыңнан аса вилла мен коттедж салу жоспарланған.

Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетінің дерегінше, казиносы бар қонақүй құрылысы 2027 жылы басталуға тиіс. Жобаны 2028 жылғы қарашада дейін аяқтау жоспарланған.

Қаржыны инвесторлар салмақ.

Тұрғындар құмар ойынға қызығушылық арта ма деп қорқады

Талғар ауданы тұрғындарының бір бөлігі казино ашуға қарсы.

Олар жаңа ойын аймағы құмар ойынға қызығушылықты одан әрі күшейтуі мүмкін деп алаңдайды.

– Қазір казиноға, әсіресе онлайн-казиноға әуес адам көп. Балалар да соған кіріп кетіп жатыр. Енді дәл осы маңнан тағы казино ашылса, мұнда адам ағымы тіпті көбейеді. Бұлай істеуге болмайды, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі. 

Басқа тұрғындар инвестицияны балалар мен жастарға арналған жобаларға бағыттаған дұрыс деп есептейді.

– Балаларға арналған спорт кешендерін, жастар білім алып, дамитын орындарды ашса әлдеқайда пайдалы болар еді. Біз үшін соның маңызы көбірек. Сондықтан казино ашуды қолдамаймын, – дейді тұрғындардың бірі.

Тағы бір сауалнамаға қатысушы жаңа нысан жасөспірімдердің қызығушылығын оятуы мүмкін деп қауіптенеді.

– Мұның бәрі құмар ойын, лудоманияға апарады, қызығушылық тудырады. Жасөспірімдеріміз бен жастарымыздың мұндай нәрсеге мүлде қызықпағанын қалар едім, – деді ол.

Сонымен қатар, казиноның тек шетелдіктерге қызмет көрсететіні айтылып отыр. Кіреберісте келушілердің құжаттары тексерілуге тиіс.

Егер ойын орны Қазақстан азаматтарын құмар ойынға кіргізсе, оған айыппұл салынуы немесе лицензиясынан айырылуы мүмкін.