×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Астанада бойжеткенге жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 13:03
Астанада бойжеткенге жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды
Видео кадры

Астанадағы Президент саябағында бойжеткенге шабуыл жасаған 27 жастағы ер адам бұған дейін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді. Енді бұл оқиғаға қылмыстық баға берілді. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Жәбірленушінің анасының айтуынша, ер адамның әрекеті алғашында ұсақ бұзақылық деп бағаланғаннан кейін отбасы Бас прокуратураға шағым түсірген.

«Біздің үніміз естілді! Қоғамдық резонанс, сіздердің қолдауларыңыз және Бас прокуратура мен ІІМ-ге жолдаған шағымымыздың арқасында әділдік орнады. Қазір қызыма жасалған шабуыл ресми түрде қылмыстық іс ретінде қаралып жатыр, тергеу жүріп жатыр», — деп жазды әйел.

Жұмысқа бара жатқан жолда шабуыл жасаған

Бойжеткен таңертең Президент саябағы арқылы жұмысқа бара жатқанда, арт жағынан бейтаныс ер адам келген.

Отбасының айтуынша, ол қыздың кеудесінен қатты ұстап, жібермей қойған. Қыз айқайлап, қарсылық көрсеткеннен кейін ғана одан құтылып шыққан.

Оның денесінде көгерген іздер қалған. Осыдан кейін туыстары полицияға жүгінген.

Күдікті көп ұзамай табылған. Ол 27 жастағы ер адам болып шыққан.

Алғашында ұсақ бұзақылық үшін жазаланған

30 шілдеде сот ер адамды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық деп сараланған.

Жәбірленушінің отбасы мұндай бағаға келіспеді. Туыстары бұл жай ғана қоғамдық тәртіпті бұзу емес, бойжеткенге жасалған шабуыл әрі оның тәніне қол сұғу деп есептейтінін айтты.