Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы желтоқсанда АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Саммит Майамиде өтеді
G20 көшбасшыларының жыл сайынғы саммитін АҚШ өзінің төрағалығы аясында 14-15 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шара Майами маңындағы Дорал қаласындағы Trump National Doral кешенінде өтеді.
Қазақстан G20 мүшесі емес. Алайда АҚШ тарапы Қазақстанды саммитке қатысуға шақырылған мемлекеттер тізіміне енгізген. Тоқаев саммитке АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.
Қандай мәселелер талқыланады
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Америкалық тарап энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестициялар салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге елеулі әлеует бар екенін атап өтті.
Тараптар су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасын да талқылады. Оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.
G20-нің экономикалық күн тәртібі
АҚШ G20 төрағалығын аяқтау аясында саммитті экономикалық мәселелерге бағыттауды жоспарлап отыр. Америкалық тарап ұйымның күн тәртібін неғұрлым ықшам экономикалық бағытқа қайтаруды көздейді.
Қазақстан мен АҚШ тараптары желтоқсандағы саммитке дайындық барысында жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды қалыптастыру үшін одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.