×
$
464.02
536.18
5.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.02
536.18
5.54

Тоқаев Үндістан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 10:36
Тоқаев Үндістан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
istock

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ, үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

15 тамыз Үндістан үшін несімен маңызды?

Тәуелсіздік күні – Үндістанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын 15 тамызда аталып өтеді.

1947 жылы дәл осы күні Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алып, елдегі британ отаршылдығы аяқталды.

Тәуелсіз Үндістанның тұңғыш премьер-министрі Джавахарлал Неру сол күні Делидегі Қызыл қамалда елдің мемлекеттік туын көтерді.