×
$
462.22
536.5
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.22
536.5
5.43

Грузия Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстаннан сатып ала бастады

Бүгін, 11:38
Грузия Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстаннан сатып ала бастады
Ulysmedia коллажы

Грузия алғаш рет Қазақстаннан шикі мұнай импорттады. Шілде айында елге 5,5 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізіліп, оның жалпы құны 3,2 млн доллар болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Грузияның Ұлттық статистика қызметінің деректері көрсетіп отыр. Мұнай жеткізу Ресей мұнайын Кулеви мұнай өңдеу зауытында алмастыру жоспарының бір бөлігі болды.

Кулеви МӨЗ-ін Black Sea Petroleum компаниясы басқарады. Бұған дейін компания шілде айының басында қазақстандық мұнайды өңдеуді бастағанын хабарлаған. Тамыз айында кәсіпорын Қазақстаннан мұнайдың жаңа партияларын алуды жоспарлап отыр.

Кейін Ливия мұнайы жеткізіледі

Сонымен қатар Black Sea Petroleum Ливиядан да мұнай жеткізуге дайындалып жатыр. Алғашқы партия Грузияға 20-30 тамыз аралығында жетуге тиіс.

Ливия мұнайын жеткізу туралы келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалған, әрі оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Компания Қазақстан мен Ливиядан келетін мұнай жеткізілімі есебінен тамыз-қыркүйек айларында Ресей мұнайынан толықтай бас тартуға ниетті.

Зауытқа Ресей мұнайынан бас тартуға уақыт берілді

24 шілдеде Еурокомиссия Black Sea Petroleum компаниясымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

Шикізаттың басқа көздеріне көшу үшін Кулеви МӨЗ-іне алты ай уақыт берілген. Осы кезеңде кәсіпорын мұнай жеткізуді әртараптандырып, Ресей мұнайына тәуелділіктен арылуға тиіс.