24 тамырға қараған түні Ресейдің бірнеше өңірінде дрондар Ozon-ның логистикалық нысандарына соққы жасаған. Бұл - маркетплейстің ірі нысанына бірнеше күн ішіндегі екінші шабуыл, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Ozon компаниясының хабарлауынша, Дағыстан мен Краснодар маңындағы логистикалық нысандарда өрт шыққан. Қызметкерлер эвакуацияланып, қоймалардың жұмысы тоқтатылды.
Дрон қаупіне байланысты Адыгейскідегі және Ставрополь өлкесінің Невинномысск қаласындағы логистикалық орталықтардың қызметкерлері де қауіпсіз жерге шығарылған. Компанияның мәліметінше, бұл нысандардың өзіне және тауарларға зақым келмеген.
Контекст
Ozon қазақстандық сатып алушыларға жақсы таныс және ел нарығында белсенді жұмыс істейді. Маркетплейс арқылы қазақстандықтар жергілікті де, шетелдік те сатушылардан тауарларға тапсырыс береді.
Бұл Ozon инфрақұрылымына жасалған алғашқы шабуыл емес. 22 тамызда дрондардың соққысынан кейін Самара облысының Чапаевск қаласындағы маркетплейстің ірі логистикалық кешені өртенген. Сол кезде ғимараттан 500-ден астам қызметкер эвакуацияланған, компания зардап шеккендер бар екенін хабарлаған.
Кейінгі айларда украиналық дрондар Wildberries нысандарына да тұрақты түрде шабуыл жасап келген. Енді Ozon да шабуылға ұшырады.
Маусым айында компания сатушыларға арналған шарттарды өзгерткен. Келісімнен әскери іс-қимылдар, атқылау және дрон шабуылдары салдарынан жойылған немесе жоғалған тауарлар үшін өтемақы төлеу туралы тармақ алынып тасталды.