Экс-прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін көпшілікке кеңінен танылған еді. Енді ол Құрылтай депутаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Оның есімі 23 тамыздағы сайлау қорытындысы бойынша мандаттардың басым бөлігін иеленген «Әділет» партиясынан Құрылтайға сайланатын 110 депутаттың тізіміне енді. Аймағанова партияның сайлауалды науқанына белсенді қатысты.
Шілде айында ол депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылуына байланысты прокуратура органдарынан кеткенін хабарлаған. Оның айтуынша, кәсіби тәжірибесі мен білімін заң шығару жұмысында қолданбақ.
Контекст
Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушылардың бірі болды. Сот Бишімбаевты Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. 2024 жылдың мамырында сот бұрынғы ұлттық экономика министрін 24 жылға бас бостандығынан айырған.
Енді бұрынғы мемлекеттік айыптаушы Қазақстанның жаңа бір палаталы парламенті – Құрылтай құрамында жұмысын жалғастырады.