×
$
458.87
535.09
5.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.87
535.09
5.42

Алматы облысында ер адам 9 жастағы қызға қатысты әдепсіз әрекет жасады деген күдікке ілінді

Бүгін, 15:40
Алматы облысында ер адам 9 жастағы қызға қатысты әдепсіз әрекет жасады деген күдікке ілінді
ЖИ/ Ulysmedia

Алматы облысында 9 жастағы қызға қатысты әдепсіз әрекет жасалды деген күдікпен қылмыстық іс тергеліп жатыр. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оқиға Қарасай ауданындағы ауылдардың бірінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Оқиғаның мән-жайы

Жазбаларда ересек ер адам әуелі қызды дүкенге апарып, оған тәттілер сатып алғаны айтылған. Кейін бала үйіне қарай бет алған кезде, ер адам оның соңынан қуып жетіп, денесіне тиісе бастаған.

Полиция не дейді

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, қылмыстық іс Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелген. Қазір істі Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеп жатыр.

Іс бойынша сараптамалық зерттеу тағайындалған. Оның нәтижесі шыққаннан кейін полиция түпкілікті процессуалдық шешім қабылдайды.