×
$
462.31
536.09
5.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.31
536.09
5.34

Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жек үшін қанша қаламақы алатынын айтты

Бүгін, 11:58
Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жек үшін қанша қаламақы алатынын айтты
qazsporttv

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар бір жекпе-жек үшін алатын қаламақысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Еркебұлан Тоқтардан бір жекпе-жектен қанша табыс табуға болатыны туралы сұраққа жауап берді. Спортшының айтуынша, оның қаламақысы ондаған миллион теңге болады. 

– Бір жекпе-жекке шамамен 40-50 миллион теңге. Мен саудаласамын – өзімді осылай сатамын, – деді файтер AlibekovKZ YouTube арнасына берген сұхбатында.

Журналист бұл соманың рас-өтірігін нақтылаған кезде, Тоқтар қаламақысының мөлшерін растады.

Оның айтуынша, спортшы бір жекпе-жек үшін шамамен 40–50 миллион теңге алуы мүмкін. Сонымен қатар Тоқтар соңғы сома келіссөздерге байланысты екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты жеңген болатын.