×
$
458.45
531.39
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.45
531.39
5.29

Мұхтар Тілеуберді қайтадан сыртқы істер министрі болды

Бүгін, 15:03
Мұхтар Тілеуберді қайтадан сыртқы істер министрі болды
gov.kz

Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, – делінген құжатта.

Мұхтар Тілеуберді кім?

 

1968 жылғы 30 маусымда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген. Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастап, кейін Қазақстанның Корея, Израиль, Малайзия, Индонезия, Бруней, Филиппин, Швейцария және басқа да елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі қызметтер атқарды.

2003 жылы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды. 2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары, 2019-2023 жылдары Сыртқы істер министрі және премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие, ағылшын және корей тілдерін меңгерген.