×
$
458.45
531.39
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.45
531.39
5.29

Путин Тоқаевтың соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

Бүгін, 14:05
Путин Тоқаевтың соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді
Reuters

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы ол Бішкекте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтты.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қақтығысты тоқтата тұру туралы ұсынысын еске салып, Путиннің бұл бастамаға көзқарасын сұрады.

– Біз бұл мәселені онымен (Тоқаевпен – ред.) мүлде талқылаған жоқпыз. Ол бұл ұсынысты көпшілік алдында айтты. Біз онымен бұл мәселеге оралған жоқпыз. Әрине, біз де тек соғысты тоқтата тұруды емес, оны толық тоқтатып, Украинада да, жалпы Еуропада да ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуді қалаймыз, – деді Путин.

Контекст

Еске салайық, 25 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысу үшін Омбыға барған.

Келіссөздер барысында Қазақстан президенті Ресей мен Украина арасындағы соғысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді «Стамбул 2.0» форматында қайта бастау қажет болуы мүмкін екенін айтты.

Тоқаев қазіргі қақтығыстың мәнін түсіну қиын екенін және оның басқа өңірлік жанжалдардан ерекшеленетінін атап өтті.

Оның айтуынша, Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың себептері түсінікті әрі тарихи тамыры тереңде жатса, Украина мен Ресей арасындағы жағдайдың сипаты өзгеше.