×
$
455.86
528.84
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.86
528.84
5.25

Трамптың арнайы өкілдері Ресей мен Украинаға барады: келіссөз қайта жандануы мүмкін

Бүгін, 15:53
Трамптың арнайы өкілдері Ресей мен Украинаға барады: келіссөз қайта жандануы мүмкін
GLP

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер 5-6 қыркүйекте Мәскеу мен Киевке баруы мүмкін. Олар әуелі Ресейге, кейін Украинаға аттанады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

ТАСС агенттігі дереккөзінің хабарлауынша, Уиткофф пен Кушнер 5 қыркүйекте Мәскеуге келіп, келесі күні Киевке баруды жоспарлап отыр. Жоғарғы Раданың депутаты Алексей Гончаренко да осындай кесте туралы мәлімдеді. Алдағы келіссөздердің нақты мән-жайы әзірше ресми түрде жарияланған жоқ.

Путин не деді

Бұған дейін Владимир Путин Уиткофф пен Кушнердің Ресейге келуін құптайтынын және Мәскеуге олармен жұмыс істеу ыңғайлы екенін айтқан. Украина президенті Владимир Зеленский де олардың сапарын күтіп отырғанын мәлімдеген.

Уиткофф пен Кушнер Украинадағы соғысты реттеудің ықтимал жолдарын талқылауға бағытталған дипломатиялық байланыстарға қатысып жүр.

Келіссөздер әзірше тоқтап тұр

Ресей, Украина және АҚШ арасындағы кейінгі үшжақты кездесу 17-18 ақпанда Женевада өтіп, келісім жасалмай аяқталған. Киевте келіссөздердің жаңа кезеңі қыркүйекте өтуі мүмкін деген болжам айтылған. Мұндай мүмкіндік туралы Швейцария тарапы да мәлімдеген.

Ал Кремль жаңа келіссөздердің нақты мерзімі әзірше белгісіз екенін айтқан.

Бұған дейін Мәскеуге Орталық барлау басқармасы басшысы жасырын барған

Тамыз айының соңында АҚШ Орталық барлау басқармасы директоры Джон Рэтклифф Мәскеуге жабық сапармен барған. Оның келіссөздерінің мән-жайы жарияланбады. Алайда кейінірек сапар барысында ол Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуін өткізу идеясын ұсынғаны хабарланды.

Сонымен қатар АҚШ Рэтклиффтің сапары кезінде Киевтен Ресей аумағына соққы беруді уақытша тоқтатуды сұраған.