×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Зеленский: Ресей Трамп өкілдерінің сапары қарсаңында Киев әуежайларына соққы жасады

Бүгін, 14:39
Зеленский: Ресей Трамп өкілдерінің сапары қарсаңында Киев әуежайларына соққы жасады
Зеленскийдің телеграм арнасы

Владимир Зеленский 5 қыркүйекке қараған түні Ресей Киев пен Борисполь әуежайларын әдейі нысанаға алып, соққы жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу америкалық өкілдердің Украинаға ұшақпен келу мүмкіндігі талқыланып жатқанына осылай жауап берген болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Украина президенті көптен бері шабуыл жасалмаған әуежайлар қайтадан нысанаға алынғанын атап өтті.

«Америкалық тарап Украинаға ұшақпен келіп, Киев немесе Борисполь әуежайына қону мүмкіндігі талқыланып, соған дайындық жүріп жатыр. Ресейдің әуежайларға соққы жасауы бұған жауап екені анық», – деді Зеленский.

Ол бұл шабуылды АҚШ-тың дипломатиялық әрекетіне берілген жауап деп бағалағанын айтты.

Киев әскери іс-қимылын өзгертпек

Зеленский келесі аптада украиналық әскерилер Ресейдің әуе кеңістігіне қатысты іс-қимылын өзгертетінін де мәлімдеді. Алайда Украина дипломатиялық байланыстарға қауіп төндіруді көздемейтінін атап өтті.

«Украина бейбітшілікке тезірек қол жеткізуге мүдделі. Ресей өз әрекеті үшін жауап береді», – деді ол.

Зеленский америкалық өкілдердің Мәскеуге сапарына кедергі келтірмеуге уәде берген еді

4 қыркүйек күні кешке Зеленский америкалық келіссөз өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Мәскеуге сапары кезінде Украина «Ресейдің әуе кеңістігінде ұшақтардың кедергісіз қатынауын» қамтамасыз ететінін мәлімдеген.

Сонымен қатар, ол Киев пен Вашингтонның келіссөздері кезінде Ресейге де әуе шабуылдарын тоқтатуды ұсынды. Мәскеу бұл ұсынысқа қатысты ашық мәлімдеме жасаған жоқ.

Украина Қарулы күштерінің бөлімшелеріне 5 қыркүйекте сағат 00:00-ден 8 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін атысты тоқтату туралы бұйрық берілген.

Алайда 5 қыркүйекте таңертең Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресей шабуылдарын тоқтатпағандықтан, ұрыс жалғасып жатқанын хабарлады.

Трамптың өкілдері Мәскеуде жүр

Уиткофф пен Кушнер бұған дейін де келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барған. Ал Киевке әзірге сапар шеккен жоқ.

Ресейлік БАҚ 5 қыркүйекте таңертең америкалық делегация мінген арнайы ұшақтың Ресейдің әуе кеңістігіне кіргенін хабарлады. Трамптың өкілдері Мәскеуден кейін Киевке барады деп күтіліп отыр.