×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан

14.02.2023, 13:29
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім берудегі бірқатар проблема анықталды.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан колледждер анықталды. Бұл – Қостанай облысы Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысы А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі және Теміртау жоғары политехникалық колледжі, – деді  комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.

Аттестаттаудан өтпеудің себебі – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы.

Серіктес жаңалықтары