×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы ауысты

Бүгін, 13:31
Президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы ауысты
Ақорда

Бұл қызметке Нұрболат Мағзұмов тағайындалды. Тиісті өкімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір қызығы, жаңа тағайындау туралы ашық дереккөздерде ақпарат жоқтың қасы. Оның білімі, бұрын атқарған қызметтері мен еңбек жолы туралы мәліметтер жарияланбаған.

Мағзұмов кімнің орнына келді?

Бұған дейін бұл қызметті Ержан Сейітқұлов атқарған. Бүгін оның Президент әкімшілігінің ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

47 жастағы Сейітқұлов Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, ақпараттық қауіпсіздік саласының маманы.

2012–2022 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтын басқарған. Кейін Президент іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығын басқарды.

Президент Әкімшілігінде 2023 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істеген. Ал ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы қызметіне 2024 жылдың тамызында тағайындалған.

Президент Әкімшілігіндегі өзге кадрлық ауыс-түйістер

20 қазанда Президент әкімшілігінде тағы бір кадрлық өзгеріс болды. Бұған дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Евгений Кочетов коммуникациялар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ол бұл қызметте президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалған Қанат Құлшымановты алмастырды.