×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркия мен Сирияда 26 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж – ДДСҰ

15.02.2023, 10:52
Түркия мен Сирияда 26 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж – ДДСҰ
фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге Түркия мен Сириядағы зілзала соңғы 100 жылдағы аймақтағы ең ауыр табиғи апат болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бір аптадан астам уақыт бұрын Түркияның орталық бөлігі мен Сирияның солтүстік-батысында болған күшті жер сілкіністері аймақтағы соңғы ғасырдағы ең ауыр табиғи апат болды», - деді Клюге.

Ол екі елде кемінде 26 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Клюге бұл көрсеткіш әлі де көбеюі мүмкін екенін атап өтті. ДДСҰ құрбандар мен зардап шеккендер екі есе көп болуы мүмкін екенін болжап отыр.

ДДСҰ өкілі сондай-ақ, Түркиядағы медициналық жүйе ауыр жүктемеде жұмыс істейтініне назар аударды, өйткені елде жараланғандар көп.

«Біз ДДСҰ-ның Еуропалық аймағында 75 жылдық тарихымыздағы ең ірі жедел медициналық көмек бригадаларын орналастыруды бастадық. Олардың мақсаты - зақымдалған медициналық мекемелерді қолдау», – деді Клюге.

Айта кетейік, Қазақстанда Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді.

Бұдан бұрын еліміз Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлген. Сонымен қатар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 115 тонна гуманитарлық жүк, 35 млн теңге қаржы жиналды.

Зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін қазақстандық құтқарушылардың екі тобы бауырлас елге аттанды. ТЖМ мәліметінше, елімізден барған құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты және 80-нен астам адамның денесін тапты.

Қазақстан жойқын жер сілкінісінің зардабын тартқан Сирияға да көмек қолын созды. Бұл мақсатта бюджеттен 160 млн теңге бөлінді.