×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Еуропада дизель және бензинмен жүретін көліктер өндірісі қашан тоқтайды

15.02.2023, 17:11
фото: ашық дереккөзден

2030 жылға қарай Еуроодақ елдері дизель және бензин отынымен жүретін жолаушылар автобустарынан толық бас тартпақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл шешім туралы Еуропарламент сайтында хабарланды. Ұсынысқа 340 депутат қолдаса, 279 депутат қарсылық білдірген, 21 депутат қалыс қалды. Тыйым еуропалық көмірқышқыл газының нөлдік шығарындылары бағдарламасының бір бөлігі ретінде енгізілмек.

Тыйым жеңіл автомобильдер мен жеңіл жүк фургондарына қатысты. Аралық мақсат ретінде 2030 жылға қарай ЕО дизель мен бензинмен жүретін жолаушылар автобустарынан толық бас тартуды көздеп отыр. 2030 жылға шығарындыларды азайту бойынша аралық көрсеткіштер жеңіл автомобильдер үшін 55% және фургондар үшін 50% деңгейінде белгіленді. 2040 жылы Еуропа дизель мен бензинмен жүретін ауыр жүк көліктерінен де құтылғысы келеді.

Еуропалық автомобиль өнеркәсібін жеткізушілер қауымдастығы (CLEPA) бұл мақсаттарды тым өршіл деп атады. Сарапшылар атмосфераға нөлдік шығарындылар бойынша мақсаттар инфрақұрылымды — ең алдымен электромобильдер үшін зарядтау құрылғыларын шұғыл орналастыруды талап ететіндігін алға тартты.

Серіктес жаңалықтары