×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Түркиядағы зілзала: 212 сағаттан соң 77 жастағы әжей құтқарылды

15.02.2023, 18:17
Фото: Ашық дереккөз

Түркияның Адыяман провинциясында жер сілкінісінен кейін арада 212 сағат өткенде үйінді астынан 77 жастағы әйел шығарылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Фатма Гунгёр есімді кейуана провинция астанасында құлаған ғимарат үйінділері астынан табылған. Қазіргі таңда қарт әйел ауруханаға жатқызылды.Оның туыстары құтқарушыларға шын жүректен алғысын айтты.

Түркияда жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 35 мыңнан асты.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Елдің барлық аумағында мемлекеттік ту жартылай түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.

Серіктес жаңалықтары