×
$
453.71
€
505.8
₽
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.71
€
505.8
₽
5.63

Ильхам Әлиев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатыспайды

Бүгін, 13:00
Ильхам Әлиев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатыспайды
Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 29-30 қазанда Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 13-саммитіне қатыса алмайды. Бұған мемлекет басшысының жұмыс кестесінің тығыздығы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлиев неге саммитке бармайды?

Әзербайжандық БАҚ-тың мәліметінше, 30 қазанда президенттің Бакуде алғаш рет өтіп жатқан FIFA U-15 әлем чемпионаты мен фестивалінің жабылу салтанатына қатысуы жоспарланған. Сол күні финалдық матч өтіп, одан кейін Әлиев жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысуы керек.

Report агенттігінің дереккөздері хабарлағандай, президенттің салтанатты рәсімге қатысуы алдын ала жоспарланған.

Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен саммиттегі Әзербайжан делегациясына сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов жетекшілік етеді. Ол сондай-ақ Түркі мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне және ұйымның басқа да іс-шараларына қатысады.

Баку мен Анкара арасында бұған дейін не болған?

Әлиевтің саммитке қатыспауы Әзербайжан мен Түркия арасындағы кейінгі келіспеушіліктермен тұспа-тұс келді.

Қыркүйекте Әзербайжан билігі мектеп формасына қатысты ережелерді өзгертіп, білім берудің зайырлы сипатына сай киім үлгісіне қойылатын талаптарды бекітті. Бұл шешім Түркиядағы кейбір саясаткерлердің, соның ішінде билік партиясы өкілдерінің сынына ұшырады.

Баку мұндай мәлімдемелерді елдің ішкі істеріне араласу деп бағалады. Кейін Әзербайжан билігі Түркияның 31 азаматын елге келуі құпталмайтын тұлғалар тізіміне енгізіп, олардың елге кіруіне тыйым салды. Олардың арасында журналистер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері де бар.

Алайда Әлиевтің саммитке қатыспауын ресми түрде осы келіспеушіліктермен байланыстырған жоқ. Әзербайжан тарапы шешімді тек алдын ала жоспарланған іс-шаралармен түсіндірді.

Саммитте қандай мәселелер талқыланады?

Еске салайық, 29-30 қазанда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммиті өтіп жатыр. Қатысушылар сауда, энергетика, көлік бағыттары мен цифрлық технологияларды дамыту, сондай-ақ елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауда.

Көшбасшылардың негізгі кездесуі 30 қазанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның төрағалығымен өтеді.

Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясын қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ Түркия Әзербайжаннан ТМҰ-ға төрағалық етуді қабылдап алады.