×
$
441.89
€
502.56
₽
5.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.89
€
502.56
₽
5.19

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Бүгін, 11:00
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды.

Мән-жай

Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия қайғылы жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды. Сонымен қатар құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижесінде қызметке салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды.