Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
1 қазан, бейсенбі күні атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр аралас қар жауады. Жел күшейеді.
Елдің батысында ауа температурасы түнде -6…-1 °C-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+8 °C болады. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25 °C-тан +5…+15 °C-қа дейін түседі.
Қазақстанның солтүстігі, шығысы және орталығында ауа температурасы +13…+23 °C, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +20…+25 °C болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15 °C шамасында күтіледі.