×
$
440.86
€
500.77
₽
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
440.86
€
500.77
₽
5.27

Астанада жылу қашан беріледі

Бүгін, 17:00
Астанада жылу қашан беріледі
ашық дереккөз

Астанада жылу беру маусымы 2 қазанда басталады. Қала тұрғындарының үйлеріне жылу осы күннен бастап беріле бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті қаулыны қала әкімдігі қабылдады.

– 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына жылу желілері дайын. Жаз мезгілінде гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылды. Жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлады «Астана-Теплотранзит».

Өңірлерде де жылу беріле бастады

Қазақстанда жылыту маусымы қыркүйек айының соңында басталды. Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Риддер қаласында жылу беріле бастады.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Астанада да жылу беру маусымы апта соңына дейін хабарлаған еді.

29 қыркүйектегі жағдай бойынша, жалпы ел бойынша жылу желілерінің дайындығы – 99 пайыз. Энергетика министрлігі Петропавл, Степногорск және Семей қалаларына ерекше назар аударып отыр. Семейдегі дайындық деңгейі – 82 пайыз.