×
$
454.98
€
509.53
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.98
€
509.53
₽
5.37

Астанада тұрақта бес көлік өртеніп кетті

Бүгін, 10:04
Астанада тұрақта бес көлік өртеніп кетті
Видеодан алынған кадр/Ulysmedia коллажы

Астанада тұрғын үй кешенінің жанындағы ашық тұрақта бес жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Өрт Сарайшық ауданындағы А. Байтұрсынұлы көшесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде көліктерді жалын шарпыған.

Екпіні күшті желдің салдарынан өрт маңында тұрған басқа көліктерге де тез тараған. Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін шамамен жеті минутта оқиға орнына жетіп, өртті сөндірді.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталып жатыр.

Құтқарушылар қатты жел кезінде оттың өте жылдам тарайтынын еске салып, өрттің кез келген белгілерін елемеуге болмайтынын ескертті.