×
$
454.98
€
509.53
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.98
€
509.53
₽
5.37

Инвестиция тартудың жаңа тетігі: Қазақстан мен Оман бірлескен платформа құрады

Бүгін, 14:55
Инвестиция тартудың жаңа тетігі: Қазақстан мен Оман бірлескен платформа құрады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан мен Оман бірлескен жобаларға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін инвестициялық платформа құрады. Бұл турады президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірлескен инвестициялық платформа

Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, Оман сұлтанының Астанаға сапары барысында екіжақты бірқатар келісімге қол қойылады. Экономикалық бағыттағы негізгі құжаттардың бірі – «Самұрық-Қазына» қоры мен Катар инвестициялық қоры бірлесіп құратын инвестициялық платформа.

«Бұл платформа Астана халықаралық қаржы орталығында құрылады. Соның есебінен біріккен жобаларға инвестиция тарту құралы болып табылады», – деді президент көмекшісі.

Оның айтуынша, платформаның жалпы инвестиция көлемі әзірге нақты белгіленбеген. Алайда оның бастапқы капиталы $150 млн болады. Жобалар дайын болған сайын екі тараптан да қаржы құйылып отырады.

Инвестиция тартудың жаңа құралы

Байбазаровтың айтуынша, платформа аясында инвестиция тартудың түрлі қаржы тетіктері қарастырылады. Бұл ретте қажетті нарықтар мен инвесторларды тарту мәселесіне де назар аударылады.

«Екі үлкен компания инвестициялық қор құрғаннан кейін рейтингі де жақсы болады. Алдағы жұмысқа үлкен серпін беруі керек», – деді ол.

Президент көмекшісі жаңа платформаның Қазақстан мен Оман арасындағы бірлескен жобаларды қаржыландыруға қосымша мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тауар айналымын арттыру міндеті қойылды

Сұхбат барысында Нұрлан Байбазаров екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, мемлекет басшысы үкімет алдына тауар айналымын көбейту міндетін қояды.

«Қазір әлеуетімізді толық пайдаланып жатқан жоқпыз. Сондықтан Оманмен жұмыс әлі алда», – деді Нұрлан Байбазаров.