×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Атыраудағы 30-дан астам мектепте директордың креслосы бос тұр

16.02.2023, 19:59
Фото: Ашық дереккөз

Атырау облысында 31 орта мектепте директордың орны бос тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл мектептердің басшыларының бір тобы зейнетке, кейбірі қызметінен өз еркімен кеткен

«Қазір Атырау облысында жалпы орта білім беретін 31мектептің директорларының орны бос тұр. Оның ішінде облыс орталығы – Атырау қаласында 9, Жылыой ауданында 1, Исатай ауданында 6, Махамбет ауданында 4, Қызылқоға ауданында 1, Құрманғазы ауданында 7 білім ордасы басшыларының бос орнына конкурс жарияланды. Ақпан айының 22 күні кезекті тест ұйымдастырылады. Конкурс нәтижесіне сәйкес бос орындарға мектеп директорлары тағайындалады», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметіне қарағанда, оқушылар 200 мектепте дәріс алады.

Оның ішінде 199 мемлекеттік, 11 жеке меншік, қазақ тілінде 138, орыс тілінде 4, аралас 58 мектеп пен 1 кешкі-ауысымдық бөлімше бар. Білім ордаларында 2015 жылы 109 392 оқушы білім алған. Ал, 2022 жылғы 1 қыркүйекте оқушылар саны 143 481-ге жеткен.

Серіктес жаңалықтары