×
$
448.94
€
502.05
₽
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.94
€
502.05
₽
5.26

Әкім жер конкурсында өзіне керек адамның жеңіске жетуі үшін жалған анықтама берген

Бүгін, 18:08
Әкім жер конкурсында өзіне керек адамның жеңіске жетуі үшін жалған анықтама берген
Pixabay.com

Ақмола облысында ауылдық округ әкімі жер конкурсына қатысушыға жалған анықтама беріп, 600 млн теңгелік жобасы бар инвесторды жеңіп шығуына көмектескен. Прокуратура араласқаннан кейін конкурс нәтижесі жойылып, шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Zere Agro Holding ЖШС Біржан сал ауданында 600 млн теңгелік мал бордақылау алаңын салып жатыр. Жоба аясында 10 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Алайда инвестор жер учаскесін алу кезінде кедергіге тап болған.

Прокурорлар Үлгі ауылдық округінің әкімі конкурсқа қатысушылардың біріне тұрғылықты жері туралы жалған мәліметтер көрсетілген анықтама бергенін анықтады. Осы құжаттың негізінде жер комиссиясы оған негізсіз қосымша балл есептеген.

Соның салдарынан конкурс нәтижесі бұрмаланып, инвестор жер учаскесінен айырылған.

Оқиға немен аяқталды?

Аудан прокуратурасы әкімді кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот конкурс қорытындысын жойды.