×
$
450.62
€
504.2
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.62
€
504.2
₽
5.36

Қазақстан шекарасынан жалған құжатпен өтпек болған 19 шетелдік ұсталды

Бүгін, 11:11
Қазақстан шекарасынан жалған құжатпен өтпек болған 19 шетелдік ұсталды
ҰҚК Шекара қызметі

Қазақстанның шекаралық бақылау бекеттерінде жалған және өзге адамдардың құжаттарын пайдаланған азаматтардың жолы кесіліп жатыр. Тек қыркүйек пен қазан айларында Астана мен Алматы әуежайларында осындай құжаттармен шекарадан өтпек болған 19 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визалар мен басқа адамдардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

– Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау барысында жалған және бөгде құжаттарды пайдалануға қатысты 358 құқық бұзушылықтың жолы кесілген, – делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған немесе басқа адамның құжаттарын пайдаланып кесіп өту үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.