×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

AmCham Kazakhstan Awards Gala 2026 салтанатты рәсімінде Қазақстандағы үздік бизнес өкілдерін марапаттады

Бүгін, 13:00
AmCham Kazakhstan Awards Gala 2026 салтанатты рәсімінде Қазақстандағы үздік бизнес өкілдерін марапаттады
amcham.kz

Қазақстандағы Америка сауда палатасы (AmCham Kazakhstan) The St. Regis Astana қонақүйінде жыл сайынғы Awards Gala марапаттау рәсімін өткізді. Осылайша, Палата Қазақстанда жұмыс істейтін жетекші компаниялардың елеулі жетістіктері мен озық іскерлік тәжірибелерін атап өтудің 20 жылдан астам дәстүрін жалғастырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AmCham Awards Gala — бизнес көшбасшыларын, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер мен дипломатиялық корпус өкілдерін біріктіретін Палатаның маңызды іс-шараларының бірі. Аталмыш премия Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына көшбасшылығымен, инновациялық шешімдерімен және бастамаларымен үлес қосып жүрген компаниялар мен мамандарды марапаттайды, сондай-ақ іскерлік қоғамдастықта табысты тәжірибелермен алмасуға ықпал етеді.

Биыл AmCham Awards сыйлығына рекордтық 83 өтінім келіп түсті. Бұл — марапат тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл Қазақстанның іскерлік қоғамдастығы тарапынан қызығушылықтың артып келе жатқанын және елдің дамуына үлес қосатын бастамалардың сан алуандығын көрсетеді.

Салтанатты рәсімді AmCham Kazakhstan атқарушы директоры Джефф Эрлих ашты. Сондай-ақ AmCham Kazakhstan президенті және «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрайымы Сәуле Жакаева құттықтау сөз сөйледі.

— AmCham Awards сыйлығы үздік жетістіктерді атап өтумен ғана шектелмей, еркін кәсіпкерлік, адал бәсекелестік және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген озық іскерлік тәжірибелерді кеңінен таратуға ықпал етеді. Табысты жобалар мен инновациялық тәсілдерді таныстыру арқылы сыйлық басқа компанияларды жаңа жетістіктерге ынталандырып, анағұрлым тұрақты әрі қолайлы іскерлік ортаның қалыптасуына үлес қосады, — деді AmCham Kazakhstan президенті және «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрайымы Сәуле Жакаева.

Сәуле Жақаева екіжақты іскерлік байланыстарды нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік» (U.S.–Kazakhstan Partnership Award) арнайы сыйлығын Вашингтондағы АҚШ Сауда палатасы жанындағы АҚШ–Қазақстан іскерлік кеңесіне табыстады.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули М. Стаффт та құттықтау сөз сөйлеп, «Мемлекет пен бизнес арасындағы диалог» сыйлығын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Алексей Цойға табыстады. Ол мемлекет пен халықаралық бизнес арасындағы сындарлы диалогты дамытуға, соның ішінде денсаулық сақтау және цифрландыру мәселелері бойынша AmCham-мен ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін марапатталды.

– Бүгін біз AmCham мүшелерінің жетістіктерін атап өтеміз». Біз екіжақты қарым-қатынастарымыздың, соның ішінде сауда-экономикалық серіктестігіміздің тарихи кезеңін бастан өткеріп отырмыз. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі алғаш рет 7 миллиард АҚШ долларынан асты. Елдеріміздің экономикалары арасындағы байланыстар нығая түскен сайын, сауда және инвестициялық қатынастарымыздың даму болашағына үлкен сеніммен қараймын, – деді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули М. Стаффт.

«AmCham дамуына қосқан үлесі үшін» (AmCham Service Award) арнайы сыйлығы АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының сауда мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі және AmCham Kazakhstan Директорлар кеңесінің құрметті мүшесі Эндрю Глассқа табысталды. Ол Палата мен АҚШ дипломатиялық миссиясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екіжақты іскерлік қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

AmCham Awards 2026 жеңімпаздары

Салтанатты рәсім барысында он конкурстық номинация бойынша жеңімпаздар жарияланды:

  1. Жыл басшысы: Санжар Жамалов, Mastercard
  2. Қазақстандық бизнес: GRATA International
  3. Инновациялар: Borusan Cat Kazakhstan — MineStar DSS
  4. Жас көшбасшы: Камила Туякбаева, Pfizer Kazakhstan
  5. Әйелдер көшбасшылығы: Philip Morris Kazakhstan — «Еңбекақы төлеудегі теңдікті сертификаттау»
  6. Денсаулық сақтау: Теңізшевройл — «Атырау облысындағы неонаталдық медициналық көмекті жаңғырту»
  7. Қауіпсіздік: Efes Kazakhstan — Craft in Action
  8. Экология: Coca-Cola İçecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) — ReStart
  9. Қоғамның дамуына қосқан үлес: Eurasia Group Kazakhstan — «Цифрлық агрокөшбасшылар»
  10. Қазақ мәдениеті: Beeline Kazakhstan — QazCode, KazLLM

Он конкурстық номинацияның жеңімпаздарын Қазақстанның іскерлік және институционалдық қоғамдастығы өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Бағалау барысында ұсынылған бастамалардың жетістіктері мен нақты нәтижелері ескерілді.

Қазақстандағы Америка сауда палатасы (AmCham Kazakhstan) туралы

AmCham Kazakhstan — еркін кәсіпкерлік, адал бәсекелестік және құқық үстемдігі қағидаттарын ілгерілететін елдегі жетекші бизнес қауымдастық. 1999 жылдан бері Палата халықаралық және жергілікті бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін білдіріп, инвестициялық ахуалды жақсарту және экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет арасындағы диалогты дамытуға ықпал етіп келеді.