×
$
450.69
€
505.04
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.69
€
505.04
₽
5.45

Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді

Бүгін, 10:38
Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді
Видеодан алынған кадр

Қорғаныс министрлігіне вице-министр болып кеткен Татьяна Савельеваның орнына Гүлнәр Тойлыбаева келді. Ол алғашқы пленарлық отырысында сәл кідіріп қалса да, жаңа қызметінде Қазақстан халқының мүддесіне адал қызмет етуге уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

2026 жылғы 21 қазанда өткен пленарлық отырыс жаңа депутаттың ант беру рәсімінен басталды. Гүлнәр Тойлыбаева Каспийде 14 әскери қызметшінің өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған Татьяна Савельеваның орнына келді.

Ант беру кезінде Гүлнәр Тойлыбаева қобалжып, сөзінен сәл жаңылды. Алайда тез жинақталып, ант мәтінін соңына дейін оқып шықты. Бұдан кейін ол Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды.

Савельеваның орнына кім келді?

Бұған дейін Тойлыбаева туралы жазған едік. Жаңа депутат 59 жаста. Ол Ескелді ауданында дүниеге келген. Педагогикалық институтты «Физика және математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, кейін заңгерлік білім алған.

Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған. Кейін аудандық әкімдікте жұмыс істеп, «Нұр Отан» және Amanat партияларының өңірлік құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.

2022 жылы Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы болып, 2023 жылы мәслихат төрағасы қызметіне кірісті. Сондай-ақ өңір әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.