×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мойынқұмдағы жұрт жаппай көшіп жатыр, жұмыс жоқ

18.02.2023, 08:34
Мойынқұмдағы жұрт жаппай көшіп жатыр, жұмыс жоқ
Ашық дереккөз

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданынан кейінгі 10 жылда 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мойынқұм ауданы Жамбыл облысының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазір мұндағы халық саны 28 мың адамнан сәл асады.

Кейінгі жылдары аудандағы 24 елді мекеннің барлығында тұрғын азайған. Мысалы, Мирный ауылында қазір 675 адам тұрады, кейінгі 3 жылда шағын ғана ауылдан 120 адам көшіп кеткен. Көп үй бос тұр. Өйткені иелері сата алмағандықтан тастап кеткен.

"Кейінгі 11 жылда халық саны азайған. Жалпы азаюы аудандағы соңғы жылдағы Мирный, Ақсүйек елдімекендеріндегі "Шығыс кент", "Батыс кент" өндіру басқармаларының, уран шығаратын ірі кәсіпорындардың жабылуы әсер еткен", – дейді Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов