×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Алматы, Астана және тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін, 09:00
Алматы, Астана және тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жасалды
Ulysmedia.kz коллажы

26 қазанда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Соның салдарынан ауадағы зиян заттар ұзақ уақыт сейілмей, ластану деңгейі артуы ықтимал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды.

Ауа сапасы неге нашарлауы мүмкін?

Қолайсыз метеорологиялық жағдай желсіз күндері, желдің баяу соғуы, тұман және температуралық инверсия сияқты құбылыстар қатар байқалғанда қалыптасады.

Мұндай кезде ауадағы зиянды заттар жан-жаққа тарамай, жер бетіне жақын қабатта жиналып қалады. Соның салдарынан қаладағы ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Әсіресе өкпе, жүрек және қан тамырларының созылмалы аурулары бар адамдар мен аллергияға бейім тұрғындарға сақ болған жөн.

Мамандар оларға мүмкіндігінше далада ұзақ жүрмеуге және қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.