×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды

18.02.2023, 20:11
Ашық дереккөз

Қазақстандық журналист Михаил Козачков үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Елена Жигалёнок мәлімдеді.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Михаил Козачковты ұстаған болатын. Журналист ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу (ҚК 262-бабының 2-бөлігі), басып алу (ҚК 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және тарату (ҚК 185-бабының 3-бөлігі) деген күдікке ілінген. 

Бұған дейін «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қоры Ulysmedia.kz сайтына берген түсініктемесінде Козачковқа заңгерлік көмек көрсетуге дайын екендіктерін және Қазақстанда журналистік зерттеуге қысымның күшеюіне алаңдайтынын мәлімдеген.

Ақорда Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті екенін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары