×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Қаралым үшін дрифт жасаған: Астанада қауіпті әрекетке барған жүргізуші жазаланды

Бүгін, 09:01
Қаралым үшін дрифт жасаған: Астанада қауіпті әрекетке барған жүргізуші жазаланды
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада Toyota көлігінің 25 жастағы жүргізушісі әлеуметтік желіде жұрттың назарын аудару үшін жол үстінде қауіпті әрекеттерге барған. Алайда қаралым жинамақ болған жігіт бұл әрекеті үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Жігіт көлік жүретін жолдың қақ ортасында дрифт жасап, түрлі қауіпті қимылдар көрсеткен. Осылайша ол өз өміріне ғана емес, өзгелерге де қатер төндірген.

Полиция мәліметінше, жүргізуші мұның бәрін әлеуметтік желіге әсерлі бейнежазба түсіріп, көп қаралым жинау үшін жасаған.

Жүргізуші қалай жазаланды?

Полицейлер жігітті бірден бірнеше құқықбұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оған көлікпен маневр жасау ережелерін бұзу, жолды бүлдіру, автокөлікті пайдалану талаптарын сақтамау және ұсақ бұзақылық бойынша хаттамалар толтырылды.

Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның Toyota көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.