×
$
448.98
€
502.45
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.98
€
502.45
₽
5.45

Күйсандық, қылтима: Тоқаев жасанды аудармалардан бас тартуға үндеді

Бүгін, 12:40
Күйсандық, қылтима: Тоқаев жасанды аудармалардан бас тартуға үндеді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліне кейбір сөздердің қисынсыз аударылуына қатысты пікір білдірді. Президент жасанды баламалардың орнына қалыптасқан сөздерді қолдану қажеттігін айтып, тіл мәселелерін зерделейтін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Тоқаевтың айтуынша, қазақ тілі басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза. Бұрын сирек қолданылған немесе мүлде пайдаланылмаған «тұжырымдама», «қағидат», «сыйақы», «шәкіртақы», «еңбек өтілі», «жанармай», «босқын», «лаңкестік», «мәмілегер», «зымыран», «ғаламтор», «тікұшақ», «жасанды сана» сияқты көптеген сөз тілімізде кең қолданыс тапқан.

Алайда vемлекет басшысы кейбір аудармалардың қажеттілігіне күмән келтірді. Оның қатарында «күйсандық» (пианино), «қылтима» (балкон), «субұрқақ» (фонтан), «себезгі» (душ), «қырыққабат» (капуста), «үнқағаз» (газет), «жеделсаты» (лифт) және «желкөз» (форточка) сөздері бар.

Сонымен қатар президент кейінгі кезде діни тақырыпта араб сөздерін жиі қолдану үрдісіне де тоқталды. Оның пікірінше, көне қазақ сөздерінің орнына араб сөздерін қолданудың қажеттілігіне күмән бар.

– Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі, – деді президент.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев орыс тілінің елде кеңінен қолданылуын артықшылық санайтынын жазған едік. Оның сөзінше, бұл қазақстандық жастардың Ресейде білім алуына және екі ел арасындағы байланыстың нығаюына жол ашады. Елші бұл туралы Мәскеуде өткен жиында айтты. 

 

Сізге қызық болуы мүмкін